Береміз, бірақ сізге емес
«ҚазТАГ» ХАА және «31 арнаның» Қарағандыдағы меншікті тілшісі Диана Сапарқызы WhatsApp мессенджері арқылы Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз хатшысы Әсел Сәдуақасоваға Тәуелсіздік күні мен жаңа жылға арналған бюджет шығыстары туралы ақпарат беруді сұрайды.
Әсел Сәдуақасова алдымен қандай БАҚ үшін материал дайындалып жатқанын сұрап, содан кейін: «Негізгі түсініктемелерді қиып, тек контекстен таңдалғанды салып сіз тағы да теріс материал жасайсыз. Объективті емес, теріс» дейді.
Ол «Ақпаратты береміз, бірақ сізге емес. Екі жақты объективті ақпарат беретін сіздің редакцияңыздың басқа тілшісіне береміз» деген шешімін айтады.
Агенттіктің редакциясы қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысына іс-әрекетінің заңсыздығы туралы айтқаннан кейін, ол сұралған ақпаратты беруге уәде берді. Алайда, мақаланы дайындау кезінде (26 қараша күні) Диана ақпаратты алған жоқ.
Бұл туралы ҚазТАГ«Қарағанды әкімдігі пандемия кезінде 193,5 млн теңгеге мерекелік безендіруге тапсырыс бергендігін» мақалада хабарлай отырып,редакцияның мерекелік рәсімдеуге кететін шығындар туралы ресми сұрауын қарастыруды сұрайды.