Оралда жергілікті депутат журналисті жала жапты деп айыптады
«Время» газетінің Батыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Злата Удовиченкоға полиция қоңырау шалды. Аудандық полиция қызметкерімен болған әңгімеден облыстық мәслихаттың депутаты Ляна Тұрсыновадан газет тілшісіне қарсы арыз түскені белгілі болған. Өз сөзінде Тұрсынова Удовиченконың мақалаларында оның ар-намысы мен қадір-қасиетін, сондай-ақ іскерлік және партиялық беделін түсіретін мәліметттер келтірген деп мәлімдеген. Бұл мақаланы «жала жабу» бабы аясында қарастыруды сұрайды (журналист кеңседен оның көшірмесін сұраған, алайда фотосуретін түсіруге тыйым салынды).
Әңгіме жарық көрген үш мақала туралы - «Нездоровый аппетит. В Уральске депутата обвиняют в захвате школьных столовых» (от 16.09.2020 ж.), «А должник-то нищий» (от 02.10.2020 ж.) и «Всем отбой!» (от 09.10.2020 ж.).
Злата Удовиченко түсініктеме дайындауда.