Журналист пен депутат татуласты
10 қарашада Өскемен қаласының мамандандырылған әкімшілік соты inbusiness.kz тілшісіЖанар Асылхановаға жала жапты деп айыптау ісі бойынша іс жүргізуді тоқтатты.Оған журналист пен арызданушы, жергілікті мәслихаттың депутаты Юлия Миронова арасындағы медиативті келісім негіз болды.
Келісім шарты бойынша тараптар оның детальдарын жария етуге құқығы жоқ. Жанжал Өскемен қаласының ТКШ бөлімінің мемлекеттік сатып алу фактісі бойынша жарияланған мақалаға байланысты туындаған. Сот процесінде журналист Жанар Асылханова кінәсін мойындамады.
Сонымен қатар, журналистің шағымы бойынша жала жапты деп айыптаудың екінші соты жалғасуда. Жанар Асылханова әкімшілік хаттаманы толтыру кезінде учаскелік инспектор Ерсан Нұрқанов құқығымды өрескел бұзды деп санайды.