Журналист Сәния Тойкен билік митингі туралы елестеткенде қатты зардап шекті
2020 жылдың 24 қазанында «Азаттық» радиосының журналисі Сәния Тойкен тұтқындардың қолымен жасалған бұйымдардың көрме-жәрмеңкесін жазбақ болған. Іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының Мәмбетов-Кенесары көшелерінің қиылысында өткен.
Сол маңайда «штаттық киімдегі» адамдар мен бірнеше полиция машиналары болған. Олар митинг өтіп жатыр деп шешкен. Сәния Тойкеннің айтуынша, сол жерде ұялы телефондарды сөндіргіш жұмыс істеген.
«Орта жастағы штаттағы адам менің телефонымды тартып алып, мені жерге құлатты. Маған ешкім көмектеспеді. Жығылған жерден өзім тұрып, телефонымның артынан жүгірдім, өйткені техника қызметтік, мен оған жауаптымын. Мен телефонымды ұзақ уақыт сұрап алуға тырыстым. Адамдарды алып кете бастады. Мені топтың ішінен бір полицей танып, босатуды өтінді», - дейді Сәния Тойкен«Әділ сөз» тілшісіне.
Журналист емханаға да, полицияға да барғысы келмеген. Алайда белсенділердің бірі оны емханаға баруға көндірген. Дәрігерлер «жеңіл жарақат» диагнозын қойып, оған сот-медициналық сараптамаға жолдама берді. Осыдан кейін Сәния Тойкен прокуратураға жүгінді.
«Әділ сөз» тергеу барысын қадағалайтын болады.