Мәжбүрлеу жала жабуды тергеудің жаңа әдісі
8 қазан 2020
Inbusiness.kz порталының Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Жанар Асылхановаға жала жабу айыбымен қозғалған іс барлық әкімшілік сот өндірістеріне сәйкес дамып келеді.
7 қазанда кешкі сағат 9-да адамдар кешкі ұйқыға жатар алдында, учаскелік полицей Жанардың үйіне келеді. Ол журналистің қолына келесі күні таңертеңгі сағат 10-да полиция бөліміне келуі керек деген хабарлама тапсырады. Егер келмесе оны мәжбүрлеп жеткізетінін айтады.
Түн ортасында айыпталушыға адвокат іздеуі керек екендігін полиция қызметкері түсіндірмеген. Мұндай әдіс Конституция және басқа заңдармен кепілдендірілген қорғалу құқығын қамтамасыз етуге қалай үйлеседі?