Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ҚазТАГ агенттігінен «СК-Фармация» қызметкерлерін марапаттау туралы материалды «алып тастауды» сұрады

29 тамыз 2020

ҚазТАГ ХАА-нің редакциясынанадамдардың коронавирус дертіненқайтыс болуы кезінде «СК-Фармация» ЖШС қызметкерлерін марапаттау туралы материалды «алып тастауды» сұрады, деп хабарлайды агенттіктің бас редакторы.

Агенттіктің бас редакторына +7 701 415 75 96 нөмірінен қоңырау шалып, өзін СК-Фармация баспасөз қызметінің қызметкері деп таныстырған ер адам «Сіз материалды алып тастай аласыз ба?» - деп сұраған.

Оның айтуынша, олардың компаниясы туралы «теріс» пікір қалыптасқан.

Шеф-редактордың «СК-Фармация» қызметкерлері өлім мен сынға ұшырап жатқан уақытта марапаттау болды деп мәлімдеуге, содан кейін журналистерге қоңырау шалып, материалды «алып тастауды» сұрай алатындай ұяттары бар ма екен деген сұрағына ол жауап бермеген.

Бас редактор: «Біз сіздің қоңырауыңыз туралы материал дайындаймыз», - деп ескерткен.

Дистрибьютордың «өкілі»: «жақсы, жақсы» деп әңгімені үзе салған.

Материал дайындалып жатқанда қоңырау шалушы ер адам  агенттің бас редакторына WhatsApp желісі арқылы: «Әмір, мен сізден әріптес ретінде сұрағым келген. Осыған байланысты мені жұмыстан шығаруы мүмкін»деп жазған.

«Бұл сізге және сіздің басшылығыңызға сабақ болады. Сондықтан сіз жұмыстан шығарыласыз, ал басшылық өлім мен «СК-Фармацияны» жаппай сынға алған кезде мерекелік шара ұйымдастырғаны үшін жұмыстан кетеді?» - деген агенттіктің бас редакторы.

Бұған жауап ретінде ер адам оны жұмыстан шығармайтындығына үміттенген.

Бұған дейін ҚазТАГ ХАА «СК-Фармация» сайтында (қазіргі уақытта ол бірыңғай дистрибьютордың сайтынан алынып тасталған) Конституция күні қарсаңында компанияда «мерекелік іс-шара өтті» деген ақпарат тапқан болатын. «СК-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев жиналғандардың алдында құттықтау сөз сөйлеп, салтанатты рәсім барысында компания басшылығының алғыс хаттарымен бірқатар қызметкерлерді марапаттаған. ҚазТАГ марапаттау шарасы (награждение состоялось на фоне скандалов и смертей от коронавируса) адамдардың коронавирустан қайтыс болуы кезінде болғанын атап өтті.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз