Сот кәсіпкердің арызы бойынша журналистің пайдасына шешім шығарды
28 шілдеде Павлодар қалалық сотының судьясы Е.К. Құсайынов кәсіпкер Георг Шпейзердің журналист Александр Барановқа қатысты талап арызы бойынша шешім шығарды: арызданушының талаптары қанағаттандырылмады.
Естеріңізге сала кетейік, талапкер Барановтың жеке аккаунтында бірнеше сағатқа орналастырылған 1сәуір әзілі үшін журналистен 1 миллион теңге моральдық шығын талап еткен.
Онлайн режимде бес сот отырысы өтті. Сот өз бастамасымен Павлодар мемлекеттік университетінің филология кафедрасының профессоры, лингвист-маман О.А. Поповичті іске тартты. Маман 1сәуір посты фельетон жанрына жатады, көркем әдебиет және мәлімдеме түрінде ақпарат жоқ деген қорытынды жасады. Барлық сот процесінде талапкер өзіне ұнамайтын сөздер мен сөз тіркестерін А.Барановтың таратқаны туралы ешқандай дәлел ұсынбаған. Арызданушының мүліктік емес құқықтарының бұзылғаны туралы дәлел жоқ.
Бір қызығы: шешім жарияланғаннан кейін талап қоюшының өкілі Барановқа тағы бір шағым дайындап жатқанын және журналист бұл сот процесі туралы шешім заңды күшіне енгенге дейін Георг Шпейзер туралы ештеңе жазбауы үшін сотқа жүгінді. Сонымен қатар, журналистің«азаматтық бастамасына»сілтеме жасай отырып, өкіл әлеуметтік желілерде сот процесі мен шешімін талқыламауды талап етті. Шамасы, Г.Шпейзер (Германия азаматы) ғана емес, оның өкілі де сөз бостандығына кепілдік беретін Қазақстан Конституциясының 20-бабын құрметтемейтін сияқты.
Александр Барановты сотта «Әділ соз» қорының заңгері Тамара Симахина қорғады.