Кәсіпкер Георг Шпейзер бірінші сәуір әзілі үшін журналист Александр Барановтан 1 миллион теңге талап етеді
28 мамыр 2020
Павлодар қалалық сотына кәсіпкер Георг Шпейзерден ар-намысты, абырой мен іскерлік беделді қорғау туралы талап арыз түсті. Шағым түсіруге 1 сәуірде павлодарлық журналист Александр Барановтың Facebook-тегі парақшасында жариялаған жазбасы (пост) себеп болды. Автор бұл жазба бірінші сәуір қиялы және ондағы барлық кейіпкерлер мен оқиғалар қиял деп жариялағанына қарамастан, кәсіпкер оны жалған ақпарат тарату деп санады. Талапкер журналистен 1 миллион теңге көлемінде моралдық өтемақы төлеуді талап етіп отыр.