Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Төтенше жағдай кезінде жала жабу

30 сәуір 2020

Мәжіліске жала жапқаны үшін жауапкершілік туралы заң жобасы (ҚР ҚК 130-б.) және араздықты қоздыру туралы заң жобасы келіп түсті (ҚР ҚК 174-б.). Ол депутаттармен бастамашылығымен жасалды.

zakon.kz сайтына алғысымызды білдіреміз, олар осы жоба досьесін өз сайттарына жариялады - https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=35086880#pos=79;138

Осылайша, халықаралық және ұлттық сарапшылармен сынға алынған 174-бабында "қозу" деген сөз "өршітуге" өзгерілді, бар өзгеріс осы ғана. Лингвистер бұл синонимдер деп айтады. Ал иә, әлі де бас бостандығынан айыруға балама – айыппұл 7 мың АЕК дейін ұсынылып отыр. Әрине, бізде тұтас миллионер елі ғой.

Жала жабу ҚК – ден алынады, бірақ-ӘҚБтК-де! Ал онда жала жабу пайда болуына байланысты әкімшілік кодекске өзгерістер енгізу туралы жоба қайда? Бұл керемет құпия. Қыста ғана ол egov-да тұрған. Ол қатты сынға ұшырады, оның ішінде «Әділ сөз» де бар (http://www.adilsoz.kz/politcor/show/id/284). Содан кейін жоба жоғалып кетті! Тағы да zakon.kz сайтында тек ақпандағы нұсқасы қалған. Онда - қазынаға үлкен айыппұл салынады, ал зардап шеккен адам нөлге тең болады; онда істерді ІІМ-нің мамандары олардың көрінеу, жалған, мәліметтер мен пікірлері туралы терең білімдерімен тергейді…

Біз ТЖ-дан қандай Заңдармен шығамыз?

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз