"Әділ сөз" қорының сайтын қара тізімге кім және қашан енгізіді?
Бізге заңгер Елжан Қабышев Таңқаларлық ақпарат берді.
Біз тоқтаусыз жұмыс істеу және жаңартылуын мұқият қадағалап жүрген www.adilsoz.kz сайтымыз, бұрыннан бұғатталған екен. ҚР ИДМ порталында http://www.qogam.gov.kz/ru/complain ол заңсыз ақпаратты тарататын интернет-ресурстар тізілімінде көрсетілген.
Бұл қашан болды, қандай негізде? Министрлікке Рудный қалалық сотына сілтеме жасай отырып, қандай да бір аудиоматериал түскен екен. Бұл сот құжаты, қашан шығарылған? Бұл жала ақпаратты қандай қамқоршы берді екен? Ештеңе белгісіз. Алайда, іс 30-30-5/2864-и нөмірімен тіркелген.Және оған жол берілді.
"Әділ сөз" қоры жиырма жыл бойы қолданыстағы заңнаманы бұзбаған, қандай да бір сот процесінің қатысушысы болған жоқ; ҚР заңнамасының бұзылуы туралы Бас прокуратураның немесе мемлекеттік бақылау комитетінің ұйғарымын ешқашан алған жоқ.Қорға қатысты оның сайтын оқшаулау туралы сот шешімі ешқашан шығарылған жоқ.
2015 жылы "байланыс туралы" заңға Бас прокуратураға, байланыс саласындағы мемлекеттік бақылау комитетіне сот шешімінсіз сайттарды бұғаттауға құқық беретін нормалар енгізілгеннен кейін, блокталған сайттар базасы (тізілімі) 2016 жылы құрылған.Осы түзетулер талқыланғанда, "Әділ сөз" қоры көптеген құқық қорғаушылар, журналистер, блогерлер, интернет-ресурстардың меншік иелері сияқты олардың қабылдануына қарсы шықты. Біз әзірлеушілер мен депутаттарға мұндай нормалар шенеуніктерге "қолдарын созады", негізсіз тосқауылдарға алып келетіндігін көрсеткен болатынбыз. Міне, енді осыларға тап болдық: қор сайты бұғатталмаған, бірақ қара тізімге енгізілген.
Бүгін "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры министр Д. А. Абаеваға блокталған интернет-ресурстар базасынан өз сайтын алып тастауды талап етті.