Сара Рамазанованың үш арызы
20 наурыз 2020
Қалалық білім бөлімінің бастығы Сара Рамазанова полицияға «Хабар» телеарнасыныңменшікті тілшісі Нұргүл Ахметованы Facebook-тегі«Заңға бағынатын азаматтар» әлеуметтік тобында жеке деректерді тарату фактісі бойынша жауапқа тарту туралы арыз түсірді.
19 наурызда журналист Петропавл қалалық полиция бөліміне куә ретінде жауапқа шақырылады. Одан сотқа дейінгі тергеуге қатысты мәліметтерді жарияламау туралы қолхат алынған.
Арызданушы өзі туралы әлеуметтік желілерде бұрын жариялаған отбасылық фотосуреттерінің жариялануына байланысты шағымданып отыр.
Бұған дейін Сара Рамазанова журналист Фархад Тастамбекті сотқа берген болатын. Іс қазір өндірісте.
Қалалық білім бөлімінің бастығы облыстық білім басқармасында сотқа берген.