БАҚ туралы қандай заң болуы керек?
28 ақпанда «Әділ сөз» қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен және халықаралық АРТИКЛЬ 19 ұйымымен бірлесіп Нұр-Сұлтанда «Жаңа сын-қатерлер дәуіріндегі медиа» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Кездесудің негізгі тақырыбы - ақпараттық заңнаманы жетілдіру. Қазіргі уақытта қолданыстағы «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Телерадио хабарларын тарату туралы», «Ақпаратқа қол жетімділік туралы» заңдардың нормаларын қамтитын Қазақстан Республикасының Ақпараттық кодексін құру туралы ұсыныс бар. Екі заң шығару ұсынысы бар: Сөз бостандығы мен БАҚ туралы заң немесе «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң қайта жазылуы керек пе?
Желілік басылымдар мен әлеуметтік желілердің мәртебесі, мемлекет пен БАҚ-тың өзара іс-қимылы. Әлеуметтік желілерді реттеу керек пе? Егер керек болса, онда қалай? БАҚ-ты тіркеудің қағидалары мен формалары қандай болуы керек, журналистердің Этика кодекстерінің рөлі қандай? - деген өзекті тақырыптар қарастырылады.
Еуропа Кеңесінің Министрлер комитеті БАҚ-тың жаңа түсінігі туралы ұсынысын АРТИКЛЬ 19 халықаралық ұйымының заңгері Пейдж Морроу айтып береді. Бұл критерийлерді БАҚ туралы қазақстандық заңға енгізуге бола ма? Бірге талқылаймыз.
Дөңгелек үстелге қатысушылар-негізінен ақпараттық құқықпен айналысатын заңгерлер.
Егер сізге өз оқырмандарыңызға, көрермендерізге, тыңдаушыларыңызға айтып беру қызықты болса, келіңіздер! «Қазжол» қонақ үйі, «Еуразия» конференц-залы, Басталуы 9.30. Журналистер үшін кіру тегін.