Оралда «Уральская Неделя» газетінің тағы бір журналисін ұстады
Алексей Воробьев «CityCenter» сауда орталығының жанында ұсталды. Қазақстан Республикасында тыйым салынған ҚДТ партиясының жақтастары рұқсат етілмеген митинг өткізуге ниетті екендігі туралы әлеуметтік желілерде ақпарат пайда болған. Осы өтеді делінген митингтен екі күн бұрын сауда орталығының әкімшілігі осыған байланысты мекеме 22 ақпан, сенбіде жабылатынын мәлімдеген.
Алексей Воробьев редакцияның тапсырмасымен сол жерге жағдайды бағалау үшін барған. «Уральская неделя»» басылымы редакторының орынбасары Рауль Упоров оған қалта телефонына қоңырау шалғанда: «Ұялы телефонымды менен аласың?» деген сөздерді естіп қалады. Сол сәттен бастап Алексей Воробьевтің ұялы телефоны өшірулі. Кейін оның Абай полиция бөліміне жеткізілгені анықталды. Қазір одан ҚДТ партиясына қатысты қылмыстық іс бойыншаАқмарал Федоровамен бірге жауап алынып жатқаны белгілі болды.