Маңғыстауда блогер мен оның әйелі полиция қызметкеріне жала жапқаны үшін сотталды
2020 жылдың 4 ақпанында Маңғыстау облыстық соты блогерлер Жамбыл Көбейсінов пен Ділбар Бекжанованыжала жапқаны үшін кінәлі деп тапқан үкімге қарсы апелляциялық шағымын қарастыруды бастады.
Ерлі-зайыпты Жамбыл Көбейсінов пен Ділбар Бекжанова анонимді YouTube-ке Көбейсінов арнасы арқылы «Маңғыстау облысы әкімдігіне», «102 нәтижесі» және «Өтірік повестка» атты мақалаларын орналастырады. Автор полиция бастығының заңсыз әрі қатыгез әрекеттері туралы баяндайды.Онда полиция қызметкері «белгісіз бір топпен бірге қызметтік куәліктерін көрсетпей, тану белгілері жоқ машинамен үйіне келіп, балаларын, туыстарын, көршілерін қорқытып, зайыбы Ділбар Бекжановаға жүкті екеніне қарамастан күш қолданып, ал үй иесінің қолын бұрап, басын төмен қайырып, қауіпті қылмыскер сияқты машинаға сүйреп апарған» деп әңгімелейді.
2019 жылдың 13 желтоқсанында Маңғыстау облысының Мұнайлы аудандық соты Жамбыл Көбейсінов пен оның жұбайы Ділбар Бекжанованы ҚР ҚК 130 бабы 2 бөлігі бойынша (бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып жала жабу)кінәлі деп тапқан.
Көбейсінов алты айға бас бостандығынан айырылды, жазасын түзеу мекемесінің қәуіпсіздігі төмен мекемесінде (колония-қоныс) өтеуі тиіс. Оның әйелі пробациялық бақылау орнатумен алты айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілген.
Тіл тигізу айыбымен сотталушылар ақталды.
Сотталғандар апелляциялық шағымда бірінші сатыдағы сотта куәлардың тыңдалмағанын және полиция қызметкерлеріне Д. Бекжанованың ұялы аппараттан жасаған бейнежазбасын алып тастау фактісі ескерілмегенін көрсетті.