Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Шымкентте блогерді заңгерге жала жапқаны үшін соттауда

6 ақпан 2020

Шымкент қаласы Еңбекшіқазақ аудандық соты Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы  Н. А. Махамбетовтің ҚР ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігі (БАҚ-та таралған жала жабу) бойынша «Темірқазық-Ой» газетінің бас редакторы Анар Сулееваның  Facebook желісінде жазған жазбасына қатысты жеке шағымын өндіріске алды.

Жанжалдың мәні:

2019 жылдың 21 желтоқсанында белгісіз тұлғалар YouTube сайтында Махамбетовтың қызметтік көлікті жұмыстан тыс уақытта пайдаланғаны туралы сюжет жариялайды. Шымкент қаласындағы сот-медициналық сараптама орталығында жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша В.Л. Ларшина, бейнеролик фрагменттері желімделген, кейде жазулары мен арнайы эффектілері бар, сонымен қатар, фрагменттер әртүрлі жазба құрылғыларында әр түрлі уақытта жазылған дейді.

Осы ролик негізінде 2019 жылдың 27, 30 желтоқсанында және 2020 жылдың 7 қаңтарында Анар Сүлеева Facebook әлеуметтік желісінде: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевқа және Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Г.Нұрдәулетовкебірнеше өтініш жолдайды. Ол жергілікті Әділет басқармасына басшыларды тағайындау кезіндегі кадрлардың тұрақсыздығына, қызметтік көлікті жұмыс уақытынан тыс жеке мақсаттарда пайдалануға назар аударады. Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының міндетін атқарушы Н.А.Махамбетовтен  болған жағдайға тиісті баға беруді сұрайды.

Арыз беруші ҚР ҚК 130 бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғапАнаркүл Сүлееваны жауапқа тартудысұрайды. Шымкент қаласы бойынша полиция департаментінен Фейсбук пайдаланушысы АнарСүлееваның Шымкент қаласы Әділет департаментінің басшысы міндетін атқаруды жүктеу туралы мәліметтерді және Н. А. Махамбетов бейнеленген фотоматериалдарды қалай алғандығы туралы ақпарат талап етеді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз