Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Амангелді Батырбеков ақталды

9 қаңтар 2020

9 қаңтарда Түркістан облыстық сотының апелляциялық алқасы журналист Амангелді Батырбековтің ісіне қатысты өз шешімін жариялады. Ол КІНӘСІЗ!

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 23 қыркүйегінде Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті жала жабу, қорлау бабы бойынша айыптап, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Жәбірленуші - Келес ауданының білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиев, ол туралы Батырбеков өзінің Facebook парақшасында бірқатар сыни мақалалар жариялаған.

Өз сұрағыңызды қойыңыз