Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Амангелді Батырбековке жаңа шабуыл

11 желтоқсан 2019

11 желтоқсан күні сағат 15.00-де Сарыағаш аудандық сотында журналист Амангелді Батырбековты жала жапқаны және қорлағаны үшін жаңа айыптау бойынша сот отырысы басталуы тиіс.

 

Бұл жолы өтініш беруші Лейла Дарханбаева. Ол өзін кәсіби медиатор, Заңғар-Медет қоғамдық бірлестігінің төрайымы деп атайды. Ол А. Батырбековты, оның әйелі Гүлзада Баймұратованы, Пазылхан Түймебаевты, Гүлжан Артықбаеваны, Мұстафин Байдуллаевты Құдірет Ержепбаевты жала жапты және қорлады деп айыптайды. Бұл қылмысты сотталушылар Facebook арқылы жасаған.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 23 қыркүйекте Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы, азаматтық белсенді Амангелді Батырбековке жалап жапты және қорлады деген айып тағып 2 жыл, 3 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды. Жәбірленуші Келес ауданының білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиев, ол туралы Батырбеков Facebook-тегі өзінің бетінде бірқатар сыни посттарды жариялаған.

 

Үкімге шағым түсіріліп, Түркістан облыстық сотының апелляциялық алқасы сот процесін бастады. 25 қарашада кезекті отырыста Сарыағаш аудандық сотының шешімімен сараптамалық қорытынды қаралып, журналистің мақаласында қорлау белгілері табылды. Осы сараптаманың авторы екінші сатыдағы сотта бірқатар маңызды сұрақтарға жауап бере алмады. Оның үстіне, оның қазақ филологиясы емес, орыс тілі маманы екені белгілі болды. Нәтижесінде сот даулы мәтінді жаңа сараптамаға жіберді. Келесі апелляциялық сот жаңа сараптама ұсынылған кезде болады.

 

Айтпақшы, Түркістандағы сот отырыстарының барлығында Л.Дарханбаева Б.Әбдиевтің қасында отырды.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз