Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Қарқаралыдағы сот: қорлау емес, пікір

5 желтоқсан 2019

Қарағанды облысының  Қарқаралы аудандық № 2 сотында судья Ш. Т. Жаманқұлованың төрағалық етуімен айыпталушы Е.Ж. Төлеутайға қатысты  Қ.М. Мақсұтовтың жала жабу (ҚР ҚК-нің 130-бабының 2-бөлігі) және қорлау туралы  (ҚР ҚК-нің 131-бабының 2-бөлігі) жеке шағымы бойынша ақтау үкімі шықты.

 

Қарқаралы қаласының тұрғыны Ерболат Төлеутай өзінің Фейсбуктағы бетінде «Надан әкім» деген пост жазады. Онда аудан әкімі Қ. Мақсұтовтың мешіт жанындағы тұйықта Құнанбай қажы мен бала Абай ескерткішін орнату туралы шешіміне байланысты өз түсінбестігін білдіреді. Айыптаушы, зардап шеккен-әкім Қ. Мақсұтов  «надан» сөзін орынсыз түрдегі қорлау деп санап,  Е. Төлеутайдан 5 000 000 теңгені  өндіріп алуды талап етті.

 

Айыпталушы Е. Төлеутай Қарқаралы аудандық сотының судьясы Е. Боранбаевқа оның құқықтарының көптеген бұзушылықтарына байланысты қарсылық білдірген еді. Іс Егіндібұлақ ауылындағы № 2 сотқа судья Ш. Т. Жаманқұловаға берілді.

 

Процесс барысында айыптау тарабы жала жабу шағымынан (130-б. 2-б.) бас тартып, шағымды қорлау бойынша қарауды талап етті.

 

«Әділ сөз» қорының ақпараттық даулар бойынша сараптау орталығының маманы Е. Төлеутайдың жазба мәтініне сараптама жүргізді. Ұсынылған талдау негізінде судья «надан» сөзі автордың пікірі болып табылады және әдеби норманың шеңберінде айтылған деген қорытындыға келді.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз