Амангелді Батырбековке қатысты сот: өтініш қанағаттандырылмады
22 қараша күні сағат 10-да Амангелді Батырбековтың ісін апелляциялық сатыда қарау жалғасты.
Сотталушы бірінші сатыдағы соттың хатшысынан куәгер ретінде жауап алу туралы өтініш білдірді. Мақсат - алғашқы екі сот отырысы айыпталушының қатысуынсыз өткенін дәлелдеу. Түркістан облыстық сотының құрамында Талғат Оңғарбаев, Әшірбек Рахымбаев және төрағалық етуші Таубай Қадырбаев өтінішті қанағаттандырмады.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы 23 қыркүйекте Түркістан облысының Сарыағаш аудандық соты «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы, азаматтық белсенді Амангелді Батырбековке екі жыл, үш айға үкім шығарды. Жәбірленуші Келес ауданының білім бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиев. Ол туралы Батырбеков Facebook-тегі парақшасында бірқатар сыни пост жариялаған.