Амангелді Батырбековке қатысты сот қайта ауыстырылды
12 қараша 2019
Амангелді Батырбеков ісі бойынша апелляциялық сот алқасының отырысы жарты сағатта аяқталды. Оған сотталушының адвокатының бейнетүсірілім жүргізуге рұқсат беру туралы өтініші мен кең зал сұрауы себеп болды. Сотқа 90-ға жуық адам жиналды, ал ұсынылған зал 8 адамға шақталған. Көпшілігі алыстан келді. Сот 15 қараша сағат 11:00-ге белгіленді.