Құқық қорғаушы Әбішевке қатысты сот: барлығы басынан басталады
2018 жылдың 4 қарашасында Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Абай аудандық сотының құқық қорғаушы Жаңабек Әбішевке қарсы шешімінің күшін жойды.
2018 жылдың 4 қарашасында Шымкент қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқасы Абай аудандық сотының құқық қорғаушы Жаңабек Әбішевке қарсы шешімінің күшін жойды. Басқа құрамда қайта қарау үшін бірінші инстанциядағы сот қайта қарауға жіберілді.
Анықтама: 2018 жылы Ж.Әбішев мемлекеттік органдарға «ӘППАҚ» ЖШС (Атомпром бөлімі) жағдайына назар аударуды сұрап бірнеше хаттар мен өтініштер жібереді. Құқық қорғаушының дабылына компанияның бұрынғы жұмысшыларының жаңа бас директор А. Авдеев келгеннен кейін еңбек келісімшарттары бұзылғаны туралы өтініштері себеп болады.
А. Ю. Авдеев құқық қорғаушының хаттарында шындыққа сәйкес келмейтін оның абыройына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таралғанын санады. 2019 жылдың қаңтар айында ол Ж. Әбішевке қарсы мүліктік емес құқықтарды қорғау және 7 миллион теңге моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз береді.
24 маусым 2019 жылы бірінші сатыдағы сот бас директордың талабын ішінара қанағаттандырады. Шешіммен талапкер де, жауапкер де келіскен жоқ.
Қалалық соттың апелляциялық алқасындағы сот ісі бір айдан астам уақытқа созылды. Талап қоюшының процессуалдық қателіктерінің көптігін ескере отырып, Шымкент қалалық соты Абай аудандық сотының шешімін қайта қарау қажет деп тапты.
Апелляциялық өтініштерді қарау ашық сот отырысында өтті, сотқа Ж.Әбішевтің жақтастары, журналистер, блогерлер қатысты.
«Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахина Ж. Әбішевке құқықтық көмек көрсетті.