Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Батырбеков ісі бойынша апелляциялық сот мерзімі тағайындалды

4 қараша 2019

5 қараша күні сағат 15.00-де cыни мақалаларды жариялағаны үшін 27 айға бас бостандығынан айырылған журналист Амангелді Батырбековтың ісі бойынша апелляциялық алқаның бірінші отырысы өтеді. Ол Түркістан қаласының облыстық сотында өтеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, қылмыстық қудалауға  Келес ауданының білім беру бөлімінің басшысы Бақтияр Әбдиевтің шағымы негіз болған еді. А. Батырбеков Facebook -тегі парақшасында бірқатар сыни посттарды жариялаған.

 

«Шекарасыз репортерлар» халықаралық ұйымы (РСФ) бірінші инстанция соты жіберген елеулі процессуалдық  бұзушылықтарға назар аударып, Қазақстанның сот жүйесін Амангелді Батырбековке шығарылған 27 айға бас бостандығынан айыру үкімінің күшін жоюға шақырды.

 

«Әділ сөз»  халықаралық сөз бостандығын қорғау қоры журналист Амангелді Батырбековтің өз пікірін білдіргені үшін түрмеге жабылуы Қазақстанның азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауынан туындайтын елдің міндеттемелерін өрескел бұзады деп мәлімдеді. Түркістан облысының 500-ге жуық тұрғыны Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевқа ашық хатқа қол қойып, Батырбековтің апелляциялық шағымын әділ әрі ашық қарауды талап етті.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз