Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының журналист Амангелді Батырбековті қорғау туралы МӘЛІМДЕМЕСІ

14 қазан 2019

Халықаралық «Әділ сөз»  сөз бостандығын қорғау қоры журналист Амангелді Батырбековты өз пікірін білдіргені үшін бас бостандығынан айыру Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауынан туындайтын елдің міндеттемелерін өрескел бұзатынын мәлімдейді.

 

2019 жылғы 23 қыркүйекте Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді, «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті жала жапқаны және қорлағаны үшін кінәлі деп танып, 2 жыл 3 айға бас бостандығынан айырды. Бұған Келес ауданының білім бөлімінің бастығы Бахтияр Абдиевтің шағымы негіз болды, ол туралы Батырбеков өзінің Facebook парақшасында бірқатар сыни жазбаларды жариялаған.

 

Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры журналист Амангелді Батырбековты өз пікірін білдіргені үшін бас бостандығынан айыру Қазақстанның Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялауынан туындайтын елдің міндеттемелерін өрескел бұзатынын мәлімдейді. Жеке мүліктік емес құқықтарды бұзу туралы істерді қарайтын барлық деңгейдегі судьяларға, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің № 34 жалпы тәртіптегі ескертуін түсіндіретін азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 19-бабын негізге алу қажет: «қоғам қайраткерлерінің мүдделерін қозғайтын комментарийлерге қатысты қателесіп және онсыз жұртшылықтың игілігі болған сөздері үшін жазаларды белгілеуге жол бермеуге ұмтылу керек. Қатысушы мемлекеттер қылмыс дәрежесінен жала жабу мүмкіндігін қарастыруы керек, бірақ кез келген жағдайда қылмыстық заңнама аса маңызды жағдайларға байланысты ғана қолданылуы тиіс, ал бас бостандығынан айыру ешқандай жағдайда да жазаның тиісті шарасы болып есептелмеуі тиіс».

 

Екінші сатыдағы сот А. Батырбековтың шағымы бойынша істі қарап, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы шығарады деп үміттенеміз: «Республика бекіткен халықаралық шарттар оның заңдары алдында басымдыққа ие». Сонымен қатар, апелляциялық сот алқасы «сот Батырбеков ұсынған құжаттар негізсіз және толық емес деп есептейді» деген түрдегі дәлелдерге және бірінші сот қарауында жіберілген процессуалдық бұзушылықтарға тиісті баға береді.

 

 

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың қазан айында Амангелді Батырбеков Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Сапаровқа жала жапқаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылды. 2016 жылдың қаңтар айында ол ақталмайтын негіздер бойынша босатылды, ал бір жылдан кейін сол жарияланым үшін сот оның бас бостандығын екі жылға шектеді, бірақ ҚР ҚК 411 – бабының 3-бөлігімен -  «Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеушіге, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу»  бас бостандығы екі жылға шектеледі. Кейін кешірім жасалды. Бұрын да, қазір де журналист кінәсін мойындамайды.

 

Барлық жарияланымдары ешқандай пайдакүнемдік және заңсыз мүдделерді көздемейтін Амангелді Батырбековтің тағдыры Қазақстанның азаматтық қоғамы ондаған жылдар бойы жүргізіп келе жатқан жала мен қорлауды қылмыстық жолмен жоюдың пайдасына жасалған тағы бір қайғылы, бірақ салмақты дәлел деп санаймыз.

 

14 қазан 2019 ж.

Өз сұрағыңызды қойыңыз