Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Сот блогерді қорғады

2 қазан 2019

2 қазан күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Назым Әлпиева блогер Нұрсұлтан Сағындыққа іскерлік беделін қорғау туралы талап-арыз бойынша шешім шығарды.

 

2 қазан күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Назым Әлпиева блогер Нұрсұлтан Сағындыққа іскерлік беделін қорғау туралы талап-арыз бойынша шешім шығарды. Талапкерлердің талаптары орындалмады.

 

Қақтығыстың мәні:

 

Нұрсұлтан Сағындық YouTube-тағы "НЕ OXFORD" арнасында Қытайда оқуды ұйымдастыру туралы ақпараттық сипаттағы бейнероликтер жасап, орналастырады. Роликтердің бірінде блогер шетелде оқуды ұйымдастыру саласында екі қазақстандық компанияны – «YourChina» ЖШС және «ChinaStudy» ЖШС-нің жұмыс істейтінін айтады.

 

Екі компания басшылары даулы роликте «жала жабу сипатындағы ақпарат» бар деп сотқа жүгінеді. Олар ақпаратты теріске шығарып материал  жариялау, интернет желісінен даулы роликті жою, Н. Сағындықтан  психологиялық-филологиялық сараптаманының құнын төлеуге 100 000 тг. өндіріп беруді талап етеді. Сот талқылауы барысында талапкерлер сотқа олардың іскерлік беделіне нұқсан келтіргенін дәлелдей алмай, «жала жабу сипаты» деген сөз тіркесінің қандай екенін анықтай алмады.

 

Блогердің мүддесін сотта «Әділ сөз» қорының заң қызметінің басшысы Т. Симахина қорғады. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз