Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Суретші достар! Эмблема керек

3 қазан 2019

 

Егер кімде кім білмесе біле жүрсін: 2014 жылы әлемде жаңа мереке пайда болды. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 2 қараша журналистерге қарсы қылмыстардағы жазасыздықты тоқтатудың халықаралық күні болды.

 

Қазақстанда  көптеген басқа елдердегі сияқты журналист қауіпті мамандық. Журналистерді қорқытады, ұрады, түрмеге жабады. Құдайға шүкір, өте сирек, бірақ өлтіреді. Әлемдегі көптеген әріптестеріміз бен серіктестеріміз сияқты біз де сөз бостандығы үшін жазасыздыққа қарсы науқанды қолдаймыз.

 

Бізге осы науқанға эмблема қажет. Айтар ойы ұғынықты, қысқа, әдемі болуы шарт. Ұранымыз «Жазасыздыққа жол жоқ!». Жеңімпазға (Т200000) сыйлығымыз бен марапатымыз бар. Ұсыныстарыңызды  info@adilsoz.kz – ке жолдаңыздар.   

Өз сұрағыңызды қойыңыз