Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Амангелді Батырбеков тағы да темір торға қамалды

26 қыркүйек 2019

23 қыркүйекте Сарыағаш аудандық соты азаматтық белсенді «Сарыағаш инфо» газетінің редакторы Амангелді Батырбековті 2 жыл 10 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

 

Келес ауданы білім бөлімінің басшысы Бахтияр Әбдиев сотқа шағым түсіреді.  Оған Батырбековтің Facebook-те «Келестегі кеңкелестік» атты пост жариялауы себеп болған.

 

2015 жылдың қазан айында Батырбеков Сарыағаш ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Сапаровқа жала жапқаны үшін бір жарым жылға бас бостандығынан айырылады. Сот үкімі бойынша жала жабу А. Батырбековтың «Заңнан да, құдайдан да... немесе жазықсыздардың жанайқайы Бас Прокуратураға жете ме?» деген мақаласы себеп болады. Мақала 2015 жылғы 10 наурызда «Әділет» газетінде жарияланған.

 

2016 жылдың қаңтар айында Амангелді Батырбеков ақталмаса да босатылады.  Ал бір жылдан кейін сол мақала үшін  ҚР ҚК 411 бабының, 3-бөлігімен  «Судьяға, алқабиге, прокурорға, сотқа дейінгі тергеушіге, сарапшыға, сот приставына, сот орындаушысына қатысты жала жабу»  бас бостандығы екі жылға шектеледі.

 

А. Батырбеков кінәсін мойындамады және сотта оның дәлелдері жеке ішкі нанымына негізделгенін айтты.

 

Түсініктеме

БҰҰ Кеңесі және Адам құқықтары жөніндегі комитет бірнеше рет Қазақстанға жала мен қорлауды қылмыссыздандыруға кеңес берді. БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитетінің № 34 жалпы ескертуі: «Қатысушы мемлекеттер жала жабуды қылмыс санатына кіргізбеу туралы мәселені қарастыруы керек, бірақ кез келген жағдайда қылмыстық заң тек  аса ауыр жағдайларға байланысты ғана қолданылуы тиіс, ал бас бостандығынан айыру қандай жағдайда да баламалы жаза шарасы болып есептелмеуі тиіс».

 

Жақында мемлекет БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде адам құқықтарын қалай сақтайды және мүшесі болып табылатын халықаралық органның ұстанымдарын қалай орындап отырғаны жөнінде есеп береді.

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз