Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Рудныйда журналис Сергей Петренко қайтыс болды

13 қыркүйек 2019

Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, полицияға журналистің анасы ұлымен байланысқа шыға алмауына алаңдаушылық білдірген. Қызметкерлер оның тұрғылықты жеріне барып, пәтер ішінен жабылып қалғанын анықтады.  Құлыпты бұзып, ішке кірген полиция қызметкерлері 42 жастағы Сергей Петренконың денесін асүйден тапқан.

 

«Қазіргі таңда іс СДТР-ында тіркелді, бірақ қандай бап бойынша тіркелетіні  сот-медициналық сараптамадан кейін анықталады. Әзірге мәйіттен зорлық іздері табылған жоқ», -деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Елена Кашарина.

 

Әріптестерінің айтуынша, Сергей Петренконың өліміне жүрегінің тоқтап қалуы себеп болған сияқты.

 

Сергейдің алғашқы мақаласы 1997 жылы «Магнетит» газетінде жарияланды. Одан кейін қалалық және облыстық газеттерде, «Золотой век» (Қостанай), «Нива» (Астана), «Уральская новь» (Челябинск) журналдарында, ең көне қалалық газеттердің бірі - «Рудненский рабочий» басылымдарында жарық көрді.  Соңғы уақытта «Хорошее Дело» басылымында жұмыс істеді.

 

Өмірінің соңғы сәтінде Сергей Петренко «Тактические Игры Города Рудного» қоғамдық ұйымында БАҚ-пен байланыс жөніндегі төрағаның орынбасары болып жұмыс істеді. Қоғамдық ұйым  Сергейді  жерлеу үшін қаражат жинауды ұйымдастырады. Еуразиялық банк картасының нөмірі 4294 3800 5844 9367 (+77775445069 телефон нөмірі бойынша). Киви нөмірі +79924226163. Жерлеуді ұйымдастыруға 200 мың теңге қажет.

 

Nur.kz-тен алынды.

Өз сұрағыңызды қойыңыз