Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Бірінші рет журналиске заңсыз үкім үшін моральдық зиян өндіріледі

9 қыркүйек 2019

Петропавл қаласының №2 сотының судьясы Динара Испаева «Квартал» газетінің бас редакторы Елена Кузнецованың заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны үшін 700 мың теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу туралы талабын қанағаттандырды.

 

Өткен жылдың қараша айында жарияланған  екі шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүліктік қақтығысы туралы баяндайтын журналисттің екі мақаласы қылмыстық қудалауға себеп болды.  Мақала кейіпкерлері жала жапты деп Е. Кузнецованы ҚР ҚК 130-бабының 3-бөлігі бойынша (БАҚ-та таралған адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан, сондай-ақ ауыр зардаптарға әкеп соққан жала жабу) қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен.

 

15 наурызда судья Сәуле Литфуллина айыптаушылардың дәлелдерін негізді деп танып, бас редакторға пробациялық бақылау орната отырып, бас бостандығын  бір жылға шектеуге үкім шығарған.

 

Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы 18 маусымда қылмыс құрамын таппай, үкімнің күшін жойды.  Осыдан кейін Е. Кузнецова моральдық зиянды өтеу туралы талап арыз түсірген.

 

«Әділ сөз» деректері бойынша, журналистерді күн көрмейтіндердің барлығы жала жапты деп айыптайды. Айыптау үкімдері жойылады. Ал журналис талап етті – әділдікке қол жеткізді!  Қазақстанда алғаш рет заңсыз үкімге байланысты жұмсалған ақша мен тозған жүйке, кәсіби қиындықтар үшін моральдық зиян өтелетін болды. 

Өз сұрағыңызды қойыңыз