«Наша Газета» апталығының бас редакторына қатысты жала жабу ісі тоқтатылды
12 тамызда Қостанай қаласының тұрғыны Асылбек Молдахметов Қостанай қаласының №2 сотында «Наша Газета» апталығының бас редакторы Ольга Колоколованы жала жапқаны үшін қылмыстық жауапқа тарту туралы айыптауынан бас тартты.
Осыған байланысты шағымды қарау тоқтатылды.
Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Петренконың «Мне моё лицо никто не вернет» (2018 жылғы 25 қазандағы «НГ») мақаласы сот талқылауына себеп болды. Мақалада бірнеше жақ-бет операциясын бастан өткерген Қостанайдың тұрғыны И. Борткова туралы айтылады. Ол «жедел одонгенді остеомиелит» диагнозымен ауруханаға түскен. И. Борткова дәрігер А. Молдахметовтың «Дентал» стоматологиясын айыптайды.
Редакция қызметкерлері атап өткендей, мақала Борткованың, дәрігердің, клиника директорының сөздері мен ресми құжаттарға сүйене отырып жазылған.