Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Журналист Олег Гусевтің кәсіби қызметіне кедергі келтіру фактісі бойынша тергеу жалғасуда

19 тамыз 2019

Журналист Олег Гусевтің кәсіби қызметіне кедергі келтіргені туралы қылмыстық іс Қарағанды облысының полициясына сотқа дейінгі тергеуге жіберілді.

 

2018 жылдан бастап Қарағанды облысында журналист Олег Гусевтің кәсіби қызметіне кедергі келтіру туралы іс тергелуде.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында «АрселорМиттал Теміртау» іскерлік беделін қорғау туралы талап арыз бойынша сотта журналист Олег Гусевпен келісім ұсынған. Құжатқа сәйкес, журналист мәлімделген талаптарды толық мойындап, АМТ қызметі туралы кез келген жағымсыз ақпаратты жарияламауы тиіс. Өз тарапынан, компания журналистің туысы жұмыс істейтін мердігерлік фирманы  «бұғаттан шығаруға» міндеттенеді.

 

Олег Гусев бұны бопсалау деп санап Facebook’те мәлімдеме жариялайды. Әлеуметтік желіні бақылайтын Қарағанды облысының полиция қызметкерлері бұл мәлімдемені анықтап, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 158-бабының 2-бөлігі бойынша (қызметтік жағдайын пайдаланып, журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау) қылмыстық іс қозғады.

 

Биыл қаңтар айында осы баптың 2-бөлігі 1-бөлімге ауыстырылып, іс жабылды.

 

Олег Гусев істі тоқтату туралы шешімге шағымданды. 11 наурызда тергеуді қайта бастау туралы жаңа қаулы шықты.

 

2019 жылы 29 маусымда Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеушісі Н. Аманжолов «АрселорМиттал Темиртау» лауазымды тұлғасының әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты ҚР ҚК 158-бабы «журналистің заңды кәсіби қызметіне кедергі жасау» бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы шешім қабылдады.

 

14 тамызда облыс прокуратурасы бұл шешімнің күшін жойды және қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеуді ұйымдастыру үшін Қарағанды облысының полиция департаментіне жіберді. Тергеу барысы прокуратурамен бақылауға алынды.

Өз сұрағыңызды қойыңыз