Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Нұр-Сұлтанда әзіл-сықақ шарасы кезінде Vласт.kz тілшісі ұсталды

26 тамыз 2019

25 тамыз күні түстен кейін Нұр-Сұлтанда Vласт.kz интернет журналының тілшісі Елизавета Цой редакцияның тапсырмасымен  "Монстрация" әзіл-сықақ акциясы  өтетін орынға келеді.

 

Сол уақытта "Хан Шатыр" сауда орнына  қарама-қарсы бетке плакат ұстаған 15 белсенді жиналған. Полицейлер себебін түсіндірместен, хаттама толтырмай белсенділерділермен қосып Vласт.kz порталының тілшісі Елизавета Цойды автозакка салып Есіл ауданының полиция басқармасына алып кеткен.

 

Елизавета Цойдың "Әділ сөз" тілшісіне айтуынша, полицейлер ешқандай хаттамасыз барлық белсенділердің қалтасынан  ұялы телефондарын, сөмкелерін алып кеткен.

 

Ұсталғандардың әрқайсысынан жеке бөлмеде жауап алған. Оларға мәжбүрлі түрде жаздырып алған түсіндірмелердің көшірмелерін бермеген. Бір сағаттан кейін барлығын босатқан. Журналистің айтуынша, ұсталғандардың кейбіріне айыппұл салынды. Бұл ретте ұстау туралы хаттамалар жасалған жоқ.

 

Тілші Ішкі істер министрлігіне полицейлердің әрекетіне қарсы шағымдануды көздеп отыр.

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз