Атырау облысының әкімдігі жаңа сылтау ойлап тапты
5 шілде 2019
ATPress.kz сайтының қызметкері Атырау облысы әкімдігінің кеңсесіне әкім орынбасары Серік Шапкеновтың атына жазбаша сұрау жіберді. Алайда кеңсе қызметкерлері оны қабылдаудан бас тартып, адресаттың ресми лауазымы «әкімнің бірінші орынбасары...» деп жазылу тиіс деген уәж айтқан.
«Әділ сөздің» түсініктемесі»:
Бұл журналистің ақпарат алу құқығын өрескел бұзу. «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңда шенеуніктерге сауал қабылдамауға немесе оларға лауазым дұрыс көрсетілмеген деген себеппен жауап беруден бас тартуға құқық беретін норма жоқ. Олар өз аттарын күніне бес рет өзгертеді. Сонда не?
Бұл сұрауды оның қызметінің атауын өзгертпей, арнайы пошта арқылы жіберуге тырысыңыз. Қызық, олар жазбаша түрде бас тарта ма?!