Лұқпан Ахмедьяровтың ісі: полицейлер нормаларды бұзған, бірақ журналист кінәлі
5 шілде күні Батыс Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы "Уральская неделя" газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедьяровтың шағымын қарауды аяқтады. Судья Әлібек Ахметов полиция департаменті бастығының атына осы істе жол берген қателіктерге қатысты жеке ұйғарым шығарды. Алайда, бірінші сатыдағы соттың шешімін апелляциялық алқа өзгеріссіз қалдырды. Журналист «билік өкілінің талабына бағынбағаны үшін» 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуі тиіс.
Естеріңізге сала кетейік, 12 шілде күні Лұқпан қалалық алаңда ұсталып, полицияға жеткізілген еді. Себебін полиция қызметкері қандай да бір қылмыстық іс туралы екенін ауызша айтып, мұны растайтын ешқандай құжат көрсетпеген.
Ахмедьяров не үшін ұсталғанын түсіндіруді талап еткенде полиция қызметкері әріптестерін шақырып журналисті автозакқа жіберген.
17 маусымда Ахмедьяров «билік өкілінің талабына бағынбау» туралы іс бойынша сотқа шақырылды. Сотта полиция қызметкерлері Лұқпанның қатысуынсыз әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырып, оны сотқа тапсырғаны анықталды. Судья Ахмедьяров кінәлі деген шешім шығарды.
Бұл құқықтық нонсенс, - дейді Лұқпан Ахмедьяров. Ол сот хаттама құқық бұзушылықтармен жасалғанын мойындайды. Бұл бұзушылықтарға жол берген қызметкерлерге қатысты жеке ұйғарым береді. Бірақ, істі қарай отырып, осы хаттамада көрсетілген мәліметтерге сүйенуді жалғастырады. Бұл ретте заңда заң бұза отырып жиналған дәлелдемелер айыптаудың негізіне жата алмайтын және істен шығаруға жататын норма бар, дейді.
Л. Ахмедьяров Жоғарғы сотқа шағымдануды көздеп отыр.