Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Кез-келген жағдайда: митингілерді, пикеттерді жариялау кезіндегі журналистердің құқықтары

5 шілде 2019

«Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заң, 20-бап: «Журналистің куәлігін көрсету бойынша дүлей зілзалалар ауданында, митингілер мен демонстрацияларға, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке мүдделерді және наразылықты білдірудің өзге де нысандарына қатысуға құқығы бар».

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 158-бап «Журналистің заңды кәсіптік қызметіне кедергі жасау»:

 

1.Журналистің заңды кәсіби қызметіне оны ақпаратты таратуға, не таратудан бас тартуға мәжбүрлеу жолымен, сол сияқты журналистің заңды кәсіби қызметін орындауына кедергі келтіретін, не оны осы мүмкіндіктен толық айыратын жағдайлар жасау жолымен кедергі жасау, - жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, қырық бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

 

2.Қызмет бабын пайдалана отырып, журналистке немесе оның жақындарына күш қолданып немесе күш қолдану қатерін төндіріп, не олардың мүлкін бүлдіріп немесе жойып жасаған дәл сол әрекет белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айырады немесе  екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады».

 

Назар аударамыз: Іс-шараны жария етуде БАҚ қызметкерінің куәлігі немесе редакцияның тапсырмасын ресми ресімдеп (фирмалық бланкке жазып, мөр бастырып) алыңыз. Ресми тіркелген БАҚ-пен жұмыс істемейтін блогерлер мен әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары рұқсат етілмеген көпшілік іс-шараларда қатысушылар (ұйымдастырушылар) ретінде ұсталуы мүмкін. Сондықтан сіз редакциялық тапсырманы немесе журналистің куәлігін дос редакциядан алуға тырысыңыз.

 

Жалпы кеңес: жеке куәлікті ұмытпаңыз!

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың ҚР ОСК 9 маусымдағы брифингте айтқан сөздерін еске түсіру артық емес деп санаймыз: «мұндай бұқаралық іс-шаралар жүріп жатқан кезде журналистің оқиға орнында жүргенін, тұрғанын көрсететін арнайы кеудешелердің, тану белгілерінің және басқа да атрибуттардың болуын алдын ала ойлаған жөн».

Өз сұрағыңызды қойыңыз