«Наша Газета» тағы да сотқа тартылды
Қостанай тұрғыны Асылбек Молдахметов Қостанай қаласының №2 сотына ҚР ҚК-нің 130-бабы, 2-бөлігі бойынша «Наша Газета» газетінің бас редакторы Ольга Колоколованы қылмыстық жауапкершілікке тартуға арыз түсірді. Ол Дмитрий Петренконың «Мне моё лицо никто не вернет» («НГ» 25 маусым, 2018 ж.) атты мақаласында бас редактор оған жала жапты деп санайды.
Мақалада бірнеше жақ-бет операциясын бастан өткерген Қостанай тұрғыны И. Борткова туралы айтылады. Ол «жедел одонгенді остеомиелит» диагнозымен ауруханаға түскен. И. Борткова дәрігер А. Молдахметовтың «Дентал» стоматологиясын айыптайды.
Осы мақалаға орай Асылбек Молдахметов Қостанай қалалық сотына арызданып, «Наша Газета» басылымының рдакциясы мен бас редакторының орынбасары Тимур Гафуровтан 3 млн. теңге көлемінде моральдық зиянды өтеуді талап етеді.
Талапкер жақ басылым Молдахметов пен «KAZСТОМ» ЖШС-нің абыройына және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін жалған мәліметтерді таратты деп санайды.
Басылымың журналистері болса мақала Борткованың, дәрігердің, клиника директорының және ресми құжаттардың сөздерінен жазылған. Басқа жәбірленушілер туралы ақпарат клиника директорына сұрақ түрінде айтылды, яғни журналист редакцияға келіп түскен хабарламаларды тексеруге тырысты. Мақалада келтірілген деректерді факті түрінде бекітетін ақпарат жоқ дейді.
30 мамыр күні сот талапкерге арызды қайтарып берді.