Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Кімге жала жапты?

20 маусым 2019

Сәл шегініс жасасақ 2019 жылы 5 маусымда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Айсара Жылқыбаева тұтқындардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Коалиция төрағасы Константин Гудаускасқа жала жабу туралы іске қатысты ақтау үкімін шығарды. Естеріңізге сала кетейік, жеке айыптаушы — «Еңбек-Жауғашты» ШЖҚ РМК филиалының директоры Ж. Баймұратов К. Гудаускасты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған болатын. Айтуынша, Гудаускас оны «Еуразия» бірінші арнасына берген сұхбатында, аса ірі мөлшерде мемлекеттік мүлікті ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде деп жала жапқан. 

«Еңбек-Жауғашты» директорының апелляциялық шағымынан кейін  2019 жылдың 20 маусымында К. Гудаускас өзінің ақталғаны туралы шешімді алады. Содан кейін мемлекеттік мүлікті (ақшаны) ірі мөлшерде иемденгені үшін сот З.Баймұратовты қылмыстық іс жүргізу шеңберінде ұстауға санкция берді. Бір қызығы, ол қазір Гудаускас таратқан ақпарат жала жапқандығын мәлімдейді ме?

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз