Біздің мереке: тәтті минуттардың ащы сандары
Мереке барысында журналистерге мақтау қағаздарын таратып марапаттайды және мақтайды. Ал «Әділ сөз» ащы шындық туралы айтады. Биылғы жылдың бірінші жартысында 25 журналист кәсіби міндетін орындау кезінде ұсталды, тағы 18-і қылмыстық тәртіпте айыпталды ( негізінен жала жапқан), 35 мақаланың «батырлары» сотқа өзінің ар-намысы мен қадір-қасиетін, іскерлік беделін қорғауға ұмтылған. Әкімшілік «ұсақ-түйектерге» 11 хаттама толтырылды. Ал таяу келешекте еркін сөз үшін жүйе жұмсармайтынын, біз оның нақты алғышарттарын көріп тұрған жоқпыз.
Дегенмен, биылғы жылы жазатын және түсіретін бауырлар өлтірілген жоқ, түрмеге қамалмады, бірақ кейбір ақпарат құралдары жабылды. Бұдан журналистік гвардия өз міндеттерінен бас тартпайды. Жас таланттарды тәрбиелеп өсіреді.
Мерекелеріңізбен, достар!