«Квартал» газетінің шеф-редакторы Елена Кузнецова ақталды
Солтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық алқасы Петропавл қалалық сотының үкімінің күшін жойды. «Квартал» газетінің бас редакторы Елена Кузнецова ҚР ҚК 130-бабының 3-бөлігі ("жала жабу") бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған еді.
Төрешілер Любовь Тригуб, Юлия Иванова және Әлия Айсина жеке айыптаушы Кузнецованың шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді қасақана таратуының дәлелдерін ұсына алмады деп есептеді.
Алқаның қаулысында бірінші сатыдағы сот істі қарау кезінде ҚР ҚІЖК 24-бабының істі жан-жақты, толық және объективті қарау туралы талаптарын сақтамағаны, іс бойынша барлық дәлелдемелерді толық көлемде зерттемегені айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, ресейлік кәсіпкер Герман Мазур мен оның әріптесі Олеся Дацко сотқа шағымданған. Елена Кузнецованың «Откровения российского инвестора» (8.11.2018 ж.), «Разоблачение российского инвестора» (15.11.2018 ж.) и «Серые схемы российского инвестора» (22.11.2018 ж) атты мақалалары себеп болды. Олар журналистің аталған мақалаларда жеке айыптаушылардың алаяқтық (афер) жасағаны туралы үкіммен расталмағаны «және басқа да қылмыстық әрекеттері» анықталмаған деп мәлімдеген.
Мақалада екі шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы мүліктік жанжал туралы айтылады. Кузнецова өзінің алғашқы «Откровения российского инвестора» атты мақаласында кәсіпкер Герман Мазурдың көзқарасы бойынша жанжалдың мәнін баяндайды, одан кейін оның оппоненттерінің, "Әби Жер"ЖШС басшылығының көзқарасын береді.
16 наурызда Петропавл қалалық сотының судьясы Сәуле Литфуллина Елена Кузнецоваға бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарған еді.
18 маусымда апелляциялық саты журналисті толықтай ақтады.