Сөз бостандығы және президент сайлауы: журналистерді ұстау
Алматыда СОБР бөлімшесінің үш қызметкері «Астана» алаңында «Азаттық» тілшісі Питер Троценконы ұстады.
Журналиске хаттама толтырылғаннан кейін деректер полицияның дерекқорына енгізілген соң бір жарым сағаттан кейін босатылды.
AgencyFrancePress (AFP) ақпарат агенттігінің Орталық Азия бойынша тілшісі Британиялық журналист Крис Риклтон Астана алаңында әйелден сұхбат алмақшы болған кезде ұсталды. Кейінірек журналистке аккредитациялық карточка мен бейнеқұралы қайтарылды. Бірақ полиция қызметкерлері тілшінің түсірген барлық суреттерін өшіріп тастаған.
Крис Риклтон «Мені ұрып-соққан жоқ. Бірақ полиция қызметкерлері өте өрескел әрекет етті», деп көз алдының көгеруін оны ұстап алған офицердің тізесіне құлап түскенімен түсіндірді.
Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюроның тілшісі Дмитрий Тихонов ұсталды.
«Менің әріптесім Андрей Гришинге азаматтық киімде белгісіз адам шабуыл жасап, арандатушылық болғанға дейін мені ұстамады», – деді Informburo редакциясына Дмитрий Тихонов. - Маған әріптесімді қорғауға тура келді, содан кейін полиция мені ұстады, ал арандатушылар жоқ. Мені екі сағат ұстап, кейін босатып жіберді. Ұстап алған полицейлер кешірім сұрап, бастықтың бұйрығына сүйене отырып, ұстағандарын айтты.
Holanews.kz-тің фототілшісі Айнұр Халлиоллаева рұқсат етілмеген митингті жариялау кезінде қолға түсті. Журналистің редакциялық тапсырмасы мен журналист куәлігі болған. Әуезов АІІБ-не келген соң фототілшіні себебін айтпастан босатып, кешірім сұраған.
Vласть интернет-журналының режиссері, шолушысы Катя Суворова мен саясаттанушы Димаш Әлжанов Алматыда «Астана» алаңына жақындағанда ұсталды. Суворова оны ұстап алған адамдарға журналистік куәлік көрсеткенін, бірақ оны елемегенін айтты.
Нұр-Сұлтанда «Азаттық» репортері Сания Тойкен азаматтардың «Жастар» сарайында сөйлеген сөздерін жариялау кезінде ұсталды. Журналист 25 басқа да ұсталған адаммен бірге Есіл полиция бөліміне жеткізілді. Қызметтік және жеке құжаттарын тексергеннен кейін жіберілген. Сол күні кешке Сәния Тойкен екінші рет Есіл ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Бір жарым сағаттан кейін журналисті ұстау себептерін түсіндірмей, босатқан.
10 маусым
CentralAsianBureauforAnalyticalReporting, CABAR (соғыс пен бейбітшілікті жариялау жөніндегі институт жобасы) және басқа да БАҚ-пен ынтымақтасқан журналист Әсем Жапишева 10 маусым күні Алматы қаласындағы Панфилов көшесінде «Астана» алаңында ұсталған. Әуезов ПБ-де журналисті бірнеше сағат ұстаған. Әріптестерінің, құқық қорғаушылардың және белсенділердің араласуынан кейін шығарды.
10 маусымнан 11 маусымға қараған түні Tengrinews.kz тілші Шоқан Алқабаев Алматы қаласындағы Сайран көлінің маңында полиция қызметкерлерінің азаматтарды ұстағандығы туралы оқиға орнынан материал таратқан. Оған полиция қызметкері келіп, неге түсіріп жатқанын сұраған. Шоқан журналистпін деп жауап берген. Полиция қызметкері алдымен оның түсірілімді тоқтатуын талап еткен. Кейін телефонын тартып алған. Полиция қызметкерлері Алқабаевтың қолын бұрап, жерге құлатқан. «Мені бетім мен ішімнен тебе бастады. Мен қарсы тұрып, журналистпін деп айқайладым. Босатуын сұрадым. Куәлігім болған, полиция қызметкерлерінің бірі қолымды бұрап куәлікті ашуға мүмкіндік бермеді. Содан кейін қолымды арқаға қайырып, куәлігімді тартып алды», - дейді Tengrinews тілшісі.
Шоқан өзін жерге жатқызып қойды дейді. Ол «жедел жәрдем» шақырған, бірақ келмеген. Журналист пен оның басшысы бір сағаттан кейін 7-ші қалалық аурухананың дәрігерлеріне жүгінген. Дәрігерлер кеуде қуысының жұмсақ тіндері мен алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуын, оң жақ мықын сүйегінің қанатының тұсының жарылуын тіркеген. Tengrinews.kz редакциясы Алматы полиция департаментіне және Ішкі істер министрлігіне жүгінді. Алматы полициясы қызметтік тергеуді бастады.
12 маусым
«Өмір-ай» газетінің тілшісі Бақытжан Қосбармақовты кешке Алматы қаласындағы «Астана» алаңында ұстады. Бақытжанның айтуынша, ол полицейге қызметтік куәлігін көрсеткен, бірақ оны басқа ұсталғандар тұрған автобусқа апарып салған.
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Лұқпан Ахмедияров пен оның үш әріптесі – журналист Рауль Упоров пен операторы - Орал қаласының орталығындағы Абай алаңында ұсталды. «Мен суретке түсіре бастағанда полиция мен камуфляж кигендер адамдарды ұстап жатты. Екі полиция қызметкері қолымды бұрап, автозактарға апарып тықты. Мені үш сағаттан кейін босатты», - дейді журналист.
(ҚР Президентінің сайлауы кезінде сөз бостандығын бұзудың толық мониторингін мына жерден қараңыз. http://www.adilsoz.kz/politcor/show/id/254/parent/2 )