Әкімдер не болды?
17 маусым 2019
17 маусым күні таңертең Павлодар облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясы жарияланып, онда ескі әкімді қайта тағайындау немесе жаңа әкімді ұсыну күн тәртібінде екендігі айтылған. Павлодарлық БАҚ-тың көптеген журналистері осы іс-шараға аккредитациядан өтті. Алайда баспасөз қызметі күннің жартысы өткенде барлық редакцияларға хат жіберіп, онда себебін түсіндірмей сессияның өтпейтіндігін хабарлаған.
Екі сағаттан кейін сессия жұмысы жабық өтетіні белгілі болды. Мұндай шешімнің себебі тағы хабарланбады.