Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Тұтқындардың құқын қорғаушы Константин Гудаускас жала жабу туралы іс бойынша ақталды

7 маусым 2019

2019 жылы 5 маусымда Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының судьясы Айсара Жылқыбаева «Қамаудағылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Коалиция» республикалық қоғамдық бірлестігінің (РҚБ) төрағасы Константин Гудаускасты жала жапқаны үшін айыптау бойынша ақтау үкімін шығарды.

 

Естеріңізге сала кетейік, жеке айыптаушы — «Еңбек-Жауғашты» ШЖҚ РМК филиалының директоры Ж. А. Баймұратов ҚР ҚК 130-бабының 2-бөлігі бойынша Гудаускас бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, ар-намысым мен қадір-қасиетіме нұқсан келтіретін  жалған мәліметтерді таратты деп  қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұраған болатын.

 

«Первый канал «Евразия» телеарнасындағы кешкі жаңалықтар блогында ҚР ІІМ ҚАЖК ЛА 155/18 мекемесінде жылыту маусымы бұзылды деген сұхбат айыптауға негіз болған. Ж.А. Баймұратовтың айтуынша, К. К. Гудаускас оны ірі мөлшердегі ақша қаражатын  мемлекеттік мүлікті жымқырды деп негізсіз айыптаған. Ол сотқа Гудаускасты  жала жапқаны үшін кінәлі деп тануды, оған жаза тағайындауды және моральдық зиян 10 миллион теңге көлемінде ақшалай өтемақы өндіруді сұрады.

 

Азаматтық талап арыз бойынша К. Гудаускастың мүддесін «Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахина қорғады.

Өз сұрағыңызды қойыңыз