Судья: Ratel.kz мәңгі жерленген
10 маусым күні Алматы қаласының Медеу аудандық сотының судьясы Гүлмира Бейсенова желілік басылымның бұрынғы бас редакторы Марат Асиповтың талап арызы бойынша «Ratel.kz» бір жыл бұрын осы судьяның шешімімен жабылғандығын жариялады.
2018 жылдың 28 мамырында Медеу ауданы прокурорының талап арызы бойынша сол судья Гүлмира Бейсенова:«Ratel.kz интернет-порталының желілік басылымын шығаруды тоқтату, тіркеудің күшін жою және домендік атауды пайдалануға, қазақстандық интернет сегментінің кеңістігінде бір жыл ішінде қайталанатын атаумен пайдалануға тиым салған. Сонымен қатар, Бас редактор Марат Асиповқа Ratel.kz атауымен ақпараттық материалдарды таратуға тыйым салынды. Интернет-ресурстарда және домендік есімдерде Ratel.kz, Balborsyk.kz, Wildratel.com, Itau.kz және басқа да домендік атауларда деген сөздермен ауыстырылсын» деген шешім шығарған.
Тыйым салынған 1 жыл өтті. Марат Асипов Ratel.kz домендік атауды пайдалануға болатынын сот тәртібімен түсіндіруді сұрады. Енді оған Бас редактор ретінде «БАҚ-та Ratel.kz атауымен ақпараттық материалдарды, интернет-ресурстарда және домендік есімдерде Ratel.kz, Balborsyk.kz, Wildratel.com, Itau.kz және басқа да домендік атауларда таратуды жүзеге асыруға бола ма» деп сұрды.
5 маусымда сот отырысында прокурор істің материалдарымен танысу үшін қосымша уақыт беру туралы өтініш білдірді. Алайда, 10 маусым күні сотта басқа прокурор Омашева қатысты. Судья шығарған ұйғарым прокурорлық позицияны қайталады.
Сот отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген Гүлмира Бейсенова: Ratel.kz тіркеу туралы куәлік кері қайтарылып, онымен байланысты БАҚ-тардың атынан бірдеңе жазуға тыйым салынған, бұл БАҚ енді жоқ. Асипов, егер қаласа, жаңа БАҚ-ты тіркей алады және онда жұмыс істей алады, деді.