Total.kz, Nur.kz, «Время» газетіне деген шағым қараусыз қалды
2019 жылдың 27 мамырында Әуезов аудандық соты Т.С. Мергенбаев пен К.В.Кілтбаеваның талап арызын қараусыз қалдырды . Олар ар-намыс, қадір-қасиет және іскерлік беделдерін қорғау мақсатында Total.kz, Nur.kz интернет порталдары мен «Время» газетінің иелері Д.Х.Хамраева мен Х.К.Мақсұтқа қарсы сотқа арыз түсірген болатын.
Талап арызға «Reliance credit group» ЖШС-нің Микрокредиттік ұйымы серіктестері туралы бір жыл бұрын жарияланған мақала негіз болған. Талапкерлер Азаматтық кодекстің 143-бабының талаптарын бұза отырып, дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін орындамаған, теріске шығаруды жариялау талабы бойынша сотқа дейінгі талап қоймаған.
Жауапкерлер істі қарауға дайындау сатысында дауды реттеудің міндетті сотқа дейінгі тәртібін сақтамауына байланысты талапты қараусыз қалдыру туралы өтініштерін мәлімдеген. Сот жауапкерлердің өтінішін қанағаттандырып , талап арыз қараусыз қайтарылды. Сот отырысында Total.kz интернет-порталының меншік иесіне «Әділ сөз» қорының заңгері Т. Н. Симахина заңгерлік көмек көрсетті.