Ой еркіндігі немесе ұлт араздығын қоздыру?
29 мамырда елордада ұлттық, діни, әлеуметтік араздықты қоздыратын істер бойынша сараптамалық зерттеулер әдістемесінің тұсаукесері өтеді.
29 мамырда елордада ұлттық, діни, әлеуметтік араздықты қоздыратын істер бойынша сараптамалық зерттеулер әдістемесінің тұсаукесері өтеді. Ол ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығымен әріптестікте тәуелсіз зерттеушілермен әзірленген. ҚР Әділет министрлігінің Сот сараптамасы Орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесі бекіткен. Мұндай әдістеме экстремизм мен терроризмге қарсы күреске тікелей қатысы бар істерді объективті және жан-жақты тергеу үшін қажет.
Іс-шараны «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры «Қазақстандағы ұлттық, діни, әлеуметтік қатынастар мәселелері бойынша пікір білдіру еркіндігін ілгерілету» жобасы аясында ЕҚЫҰ-дағы Нидерланды Корольдігі өкілдігінің, Сорос-Қазақстан қорының және Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесінің қаржылай қолдауымен өткізеді. Оған сарапшылар, заңгерлер, ҮЕҰ басшылары мен журналистер қатысады.
Тұсаукесер мына мекен-жайда өтеді: Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа даңғылы, 8А, Park Inn by Radisson Astana қонақ үйі, № 2 конференц-зал. Басталуы 9.30.
Журналистер үшін кіру тегін.