Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Розлана Таукина өмірден өтті

26 мамыр 2019

Розлана Таукинамен әлі де көп жылдар қатар жүрер жолдас, серіктес болатыныма  сенімді едім.  Өткен 20 жылда ол  «Әділ сөзге»  пікірлес әріптес бола білді.

 

Розлана ханым айналасына шуақ шашқан мейірімді жан еді. Ол таңғажайып өмірді сүйді. Оның өмірге  іздену үшін, күресу үшін келгенін бәрі білмеді. Ол өзінің тәуелсіз телеарнасы - «Тотем» үшін соттың соңғы сатысына дейін күресті.  Оның «Правдивая газета» басылымын жапты. Бұл туралы «Әділ сөз» мониторингінде 2014 жылдың 24 ақпанындағы соңғы жазба:

 

«Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев «Правдивая  газетаны» жабу туралы қаулыны жариялады».

 

Сот шешімі алдын ала жауапкерлер болмаған кезде шығарылды. Оның негізі Бостандық ауданының прокуроры Бауыржан Жұмақановтың басылымды жабу туралы талабы болды. Соның негізінде әкімшілік сот өткен жылы газетке бірнеше рет жаза қолданған. Редакция осы қаулыны даулай отырып, барлық сот инстанциясынан өтіп, одан кейін БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі комитетіне өтініш беруге ниетті.

 

Естеріңізге сала кетейік,«Правдивая газета» 2013 жылдың сәуір айында шыға бастады. Бірінші нөмірдің тиражы басылымның мерзімділігін жарияламағаны үшін тәркіленген болатын. 2013 жылдың тамыз айында газет 1 мың данаға артық тиражды жариялағаны үшін үш айға тоқтатылды.

 

2013 жылдың 5 желтоқсанында Алматы қаласы әкімдігінің хаттамалары негізінде газетті сырттай соттады. 22 қарашада жарияланған газеттің нөмірі 20 қарашада баспаханада басылып шыққаны үшін басылымға 50 АЕК айыппұл салынды. Осы нөмірдің қара бедерінде шығу мәліметтері түсініксіз болғаны үшін судья оның шығуын үш айға тоқтата тұруды шешті. Апелляциялық сатыдағы сотта газеттің өкілдері 22 желтоқсанға дейін бірде-бір данасы сатуға түспегенін дәлелдеген. Дегенмен, басылымды тоқтату және айыппұл салу туралы шешім күшінде қалды».

 

Содан кейін «Слово народа», Rezonans.kz болды. Ол қамауға алынған Жанболат Мамайдың кепілгері, Қазис Тоғысбаевтың қоғамдық қорғаушысы болды. Оны «ADAM bol» журналын қорғағаны үшін ұстап, «өз кәсіби қызметі үшін сотталған журналистерге еркіндік!» флеш-мобы үшін айыппұл салды. Мұнда барлығын  санамалап айту мүмкін емес.

 

Қош бол, дос. Жарқын бейнең жадымызда...

 

 

Өз сұрағыңызды қойыңыз