Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

ҰҚКБ қызметкері «Наша Газета» басылымынан барлық полиция қызметкерлерінен кешірім сұрауды талап етті

17 мамыр 2019

Қостанай қалалық сотында облыстық ІІД ҰҚКБ қызметкері Андрей Болотскихтің «Наша Газета» апталығы мен басылымның журналистері Татьяна Назарук пен Ольга Лихограйға қарсы талабын қарау аяқталды.

 

А.Болотскихтің пікірінше, басылымның журналисі Татьяна Назарук «Баха очень злой, требует денег» (25.10.2018ж)  атты мақаласында оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп  айыптайды.  Талап арызда журналист Андрей Болотскихтің ісі «тергеу мәліметтеріне сәйкес, Мұқышев пен оның жұбайына жеке өндіріске бөлінген қаржыдан ақша алу мақсатында оларға қысым көрсеткен», ал 2018 жылдың 15 қарашасында тілші Ольга Лихограй өз мақаласында бұл ақпаратты қайталайды.

 

Болотских жарияланған ақпарат «шындыққа жанаспайды, БАҚ-та одан әрі басып шығару үшін мәліметтер беруге құқығы жоқ құзыретті емес мемлекеттік органнан алынды, сондай-ақ қылмыстық іс материалдарымен расталмайды» дейді.

 

Бұрын А.Болотских редакцияға сотқа дейінгі шағыммен жүгінген. 29 қараша 2018 ж. газетте Болотских А. Зайченконың ісі бойынша тек куәгер болғаны жазылады. Сондай-ақ, редакция Андрей Болотскихпен қақтығыстың аяқталғаны туралы тексті нақтылап келіскен.

 

Сотта талапкердің өкілі Жанар Әбілова: осы мақаланың қаріпі мен газетте орналасқан жері Андрей Болотскихтің көңілінен шықпаған.  Моральдық зиян мен өкілдің қызметіне ақы төлеу шығындарын өтеуден басқа, талапкер мақаланы теріске шығаруды, сондай-ақ барлық полиция қызметкерлерінің алдында кешірім сұрауды талап етеді, дейді.

 

Журналистер талап-арызбен келіспейді. Мақала сот процесі негізінде  «Костанай ПромГаз» ЖШС директоры А. Зайченконың  облыстың ІІД ҰҚҚКБ бұрынғы бастығы Б. Дүйсековке делдалдық пара беру ісі бойынша жазылған. 

 

«Бұл жерде жазылғанның бәрі сотта айтылды мен сотта естідім. Бұл сөздерді Тамара Мұқышева айтты. Барлық материал оның сөзінен жазылған. Бұл сөйлемде мен оны нақты көрсетпедім, өйткені әрбір сөйлемде «Тамара Мұқышеваның сөздерінен» деп жазуға тура келеді», - деп түсіндірді Татьяна Назарук.

 

Ольга Лихограй атап өткендей, Болотских Сапабек Мұқышев пен оның әйелі Тамараға қысым жасап, олардан ақша алуға тырысқан. Бұл туралы Тамара Мұқышева мәлімдеген.

 

«Бұл мәселені бейбіт жолмен шешу үшін не істеу керектігін біз сотқа дейін жасадық, - деп атап өтті «Наша Газета» апталығының бас редакторы Ольга Колоколова. - Оның барлық ұстанымы материалда баяндалған. Мақала «Наша Газетада» жарияланды деді.

 

15 мамыр күні судья Бақытгүл Қанқұлова Андрей Болотскихтің талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Даулы мәліметтер жарамсыз және шындыққа сәйкес келмейді деп танылады және теріске шығарылуға тиіс. Оларды таратқаны үшін жауапкерлер талапкердің моральдық зиянын өтеу есебіне 300 мың теңге, Болотскихтің өкіліне  қызметі үшін  33333 теңге және лингвистикалық сараптама үшін 11783 теңгеден төлеуі тиіс.

 

Журналистер сот шешіміне апелляциялық шағым түсіруге ниетті.

Өз сұрағыңызды қойыңыз