Тұтқындардың құқықтарын қорғау немесе жала жабу?
15 мамырда Алматы қаласы Түркcіб аудандық сотында «қамаудағылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Коалиция» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Константин Гудаускасты жала жапқаны үшін айыптау бойынша қылмыстық істі қарау жалғасты.
2018 жылғы 10 желтоқсанда «Еуразия» Бірінші арнасы К. Гудаускаспен болған сұхбатты береді, сұхбатта ҚР ҚМА ҚУИС АҚ LA 155/18 мекемесінде жылыту маусымы бұзылғандығы айтылады.
«Еңбек-Жауғасты» ПМҚК РМК филиалының директоры З.А.Баймұратов үкіметтік емес ұйымның жетекшісі оны ірі мөлшердегі қаражатты ұрлады деп айыптады деп санайды. Ол сотқа Гдадускасты жала жапқаны үшін кінәлі деп танып, оған жаза тағайындауды және 10 миллион теңге көлемінде моральдық шығын төлеуді сұрайды.
Айыптау тарабы әзірге К. Гудаускастың кінәсінің дәлелдерін сотқа ұсынбады, ол өзін кінәлі деп санамайды.
Келесі сот отырысы 2019 жылы 23 мамырда сағат 15.00-де өтеді. Азаматтық талап бойынша Гудаускастың мүддесін «Әділ сөз» қорының заңгері Тамара Симахина қорғайды.