Total.kz-ға қарсы талап арыз кері алынып тасталды
2019 жылғы 15 мамырда Алматы қаласының Экономикалық соты «NFPharma» ЖШС-ның «TotalMedia Kazakstan» ЖШС-ға қарсы талап арызын қарауды тоқтатты.
Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтарда Total.kz ақпараттық сайтында «Қазақстанда фармацевтикалық дилерлер қалай жұмыс істейді» деген мақала жарияланады. Онда фармацевтикалық компаниялардың бірінің өкіліне сілтеме жасай отырып, дәрілік заттарды сатып алуды ұйымдастыру мен өткізу ережелерін бұзу туралы жазылған. Мысал ретінде редактордың сұхбаты шетелдік өндірушілердің ресми өкілі болып табылатын «NFPharma» ЖШС-ға сілтеме жасайды.
Қаңтар айының соңында «NFPharma» ЖШС бас директоры А.Өміржанова сотқа дейінгі талаппен ақпараттық агенттіктің редакциясына жүгінеді. Мақалада «ұйымның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат бар», - деп мәлімдеді ЖШС.
«NFPharma» ЖШС «Тиісті қойма, персонал, тауарларды жеткізуге арналған көлік құралдары, тендерге қаржылық кепілдіктерге және дәрілік заттарды сатып алуға арналған қаражаттың «NFPharma» ЖШС-інде жоқтығын растайтын ақпаратты (дәлелдемелерді) ұсынуды немесе бұл ақпаратты порталда теріске шығаруды сұрады.
Сәуір айында «NFPharma» ЖШС «Total.kz» веб-сайтының иесіне қарсы мәлімдеме жасады. Бұл таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынды және іскерлік беделімізді түсірді деп мәлімдеді. «TotalMediaQazaqstan» ЖШС-не таралған ақпаратты теріске шығару міндетін жүктеу; домендік атауды пайдалануды тоқтату және тыйым салу; ақпарат көзін көрсетуді талап еткен.
«NFPharma» ЖШС істі қарауға дайындық сатысында, «TotalMediaQazaqstan» ЖШС өтінішінен кейін, талапты қараусыз қайтару туралы өтініш берді. Сот өтінішті қанағаттандырды, талап арыз қараусыз қайтарылды.