Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Баннер туралы іс бойынша сот қаулылары заңға негізделмеген

24 сәуір 2019

Адам құқығы үшін Хартиясы, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры және Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық Халықаралық бюросы осы аталған үш қоғамдық ұйым ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Ж. Асанов пен ҚР Бас прокуроры Г. Нұрдәулетовке қайырылып, мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде былай делінген:

«21 сәуір күні Алматыда марафонды өткізу кезінде «шындықтан құтылмайсың»,#УМЕНЯЕСТЬВЫБОР, #ADILSAILAYUSHIN» деген жазуы бар плакаттар ілген бір топ азамат ұсталды. Сол күні азаматтық белсенділер Әсия Төлесова мен Бейбарыс Толымбековты ӘҚБтК-тің 488-бабының 3-тармағы бойынша бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, демонстрациялар ұйымдастыру тәртібін бұзды деп 15 тәулікке әкімшілік қамауға алды.

 

21 сәуір күні кешке Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясы бірінші сатыдағы соттың қаулысын күшінде қалдырды. 22 сәуір күні ӘҚБтК-нің осы бабы бойынша азаматтық белсенділер Сүйінбике Сулейменова, Айгүл Нұрболатова және Айдос Нұрболатов сотталды. Полиция мәліметі бойынша «олар да баннер ұстаған».

 

Осы оқиға бойынша сот қаулылары және ұстау нақты фактілерге сәйкес келмейді. Заңға негізделмеген деп есептейміз:

1.   Баннерлерді орналастыру  «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңында көрсетілген қоғамдық, топтық немесе жеке мүдделерді және наразылықты білдіру нысаны болып табылмайды.

2.   Баннерлерді орналастыру «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» ҚР Заңының 5 бабы тыйым салынған әрекет болып табылмайды.

3.   Марафонның бағыты бойынша жүгіріс трассасының бойында полицейлердің ешқандай реакциясын тудырмайтын басқа баннерлер орналастырылды.

4.   Полиция наразылық білдірген баннердің мазмұны заңға қайшы емес.Онда дәйексіз, теріс ақпарат жоқ.

5.   Бұл туралы полицейлердің:

 а)  «Жүру бөлігіне суретке түскісі келетін адамдар жүгіріп шыға бастады, осылайша жүгіруге қатысушылардың қозғалысына кедергі жасады» дегені шындыққа сай емес, өйткені олар марафондық жүгірудің бейне процесіне қайшы келеді;

б) «Қорқыныш пен үрей пайда болуы мүмкін»  - мұны құқық бұзушылықтың дәлелдемелері деп санауға болмайды, өйткені бұл тек негізсіз болжамдар;

в)  «Құқық бұзушылар тарапынан марафонға қатысушыларға айқын құрметсіздік» - сот тәртібімен қарастырылмайды, өйткені бағалау пікірінің санатына жатады.

 

Біздің ойымызша, баннердегі «От правды не убежишь. #За честные выборы. #У нас есть выбор»  жас азаматтық белсенділер қазіргі президент Қ. Тоқаевтың:«Мен сайлаудың ашық, әділ өтетініне кепілдік беремін!» деген сөзін қолдауы. Сонымен қатар, А. Төлесова, Б. Толымбеков, С. Сүлейменоваға, А. Нұрболатова мен А. Нұрболатовқа қатысты сот қаулылары қоғамда өз пікірін білдіргені үшін репрессивті шараларды күшейту, қорқытуы күмән туғызады.

 

Аттары аталған азаматтық белсенділер жазадан босатылады, ал оларды заңсыз ұстау мен соттауға кінәлі лауазымды тұлғалардың әрекеттері тиісті бағасын алады деп үміттенеміз».

Өз сұрағыңызды қойыңыз