Сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры
Международный фонд защиты свободы слова
The International Foundation for Freedom of Speech Protection

Емхана заңгері «КТК»-ның түсіру тобына шабуыл жасады

10 сәуір 2019

Көкшетауда «КТК»  телеарнасының түсіру тобына сұхбат жазу кезінде орталық емхананың заңгері Ерболат Темірбеков шабуыл жасады.

 

Ақмола облысы бойынша телеарнаның меншікті тілшісі Айзат Тұрсынбекқызының  айтуынша, олар 9 сәуір күні Көкшетау қалалық орталық емханасына қызылшаға қарсы екпе алғаннан кейін қайтыс болған қыздың анасымен бірге келеді. Мемлекеттік мекеменің дәлізінде оператор баланың қайтыс болу себептері туралы медициналық сараптама қорытындысын түсіре бастаған кезде, ұйымның заңгері тілшіден микрофонды күшпен жұлып алып, оны итеріп жіберген. Содан кейін операторға шабуыл жасап, микрофонмен бейнекамераны ұрған.

 

Нәтижесінде микрофон қирап, бейнекамера бүлініп, журналистің екі саусағындағы тырнағы  жұлынған.  Осының барлығы адамдар көп жиналған кезде болған.

 

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Е. Темірбековты қалалық полиция бөліміне алып кеткен. Шабуыл фактісі бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өз сұрағыңызды қойыңыз